Бүгін, 2018 жылғы 13 қарашада «ASARMY» ЖШС компаниясының өкілімен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыруды талқылау бойынша іскерлік кездесу өтті.
Компанияның 17 жылдық тәжірибесі бар және Қарағанды облысының жалпы білім беру объектілерінде қоғамдық тамақтандыру ұйымдары бойынша жұмыс жүргізеді. Кездесу аясында «ASARMY» ЖШС компаниясының өкілі «Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп асханалары мен мектеп-интернаттарының асханаларын тамақтандыруды ұйымдастыру және жаңғырту» жобасын жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстарын таныстырды. Компания өкіліне қалада МЖӘ жобаларын іске асыру тетіктері, инвесторларды қолдау тәсілдері түсіндірілді және «ASTANA INVEST» ҚИДО» ЖШС қызметі туралы ақпарат ұсынылды.