"Astana" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) - өңірлік даму институты. Корпорацияның қызметі экономиканың түрлі салаларындағы инвесторлармен бірге жобаларды іске асыруға бағытталған; активтерді басқару, оның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдарды одан әрі бәсекелестік ортаға беру үшін оларды дамыту және залалсыз деңгейге шығару жолымен; шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі.
«Бұл корпорациялардың қызметі жаңа жобаларды тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперацияны күшейтуге бағытталатын болады. Нәтижесінде ӘКК ірі жұмыс берушілерге әрі ел дамуының жолбасшысына айналады. Бұл ретте ол мемлекеттік қызметшілер санын өсірмейді және мемлекетке ауыртпалық салмайды».(Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан. 2006 жыл)
"Astana" ӘКК" АҚ 2010 жылы құрылды. Қоғамның стратегиялық міндеттерінің бірі даму стратегияларында және/немесе даму жоспарларында көрініс табатын қоғамның ұзақ мерзімді құнының өсуін және орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Корпорацияның жалғыз акционері - Астана қаласының әкімдігі.