«INVEST CARAVAN»: прокуратураның көшпелі кездесуіне 20-ға жуық инвестор қатысты

stay
stay

INVEST caravan акциясы аясында Астана қаласының «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы инвесторлармен көшпелі кездесулер өткізді.

Сапар барысында прокурорлар инвестициялық нысандарды аралап, инвесторлармен жобалардың іске асырылу барысын, бар әкімшілік кедергілерді және мемлекеттік органдар тарапынан жәрдемдесуді талап ететін мәселелерді талқылады.
Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге, жер учаскелерін беруге, инженерлік инфрақұрылымға қосылуға және келісу рәсімдерінен өтуге ерекше назар аударылды.
Invest caravan акциясының қорытындысы «Байқоңыр» ауданының прокуроры Ерлан Алмазұлының төрағалығымен кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен қаралды.
Іс-шарамен 20-ға жуық инвестор қамтылды. Кездесу қорытындысы бойынша бес өтініш бойынша заң консультациялары берілді, тағы бес мәселе сол жерде шешілді, ал он өтінішті прокуратура одан әрі сүйемелдеу үшін бақылауға алды.

Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ауданының аумағында жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 104 инвестициялық жоба іске асырылуда, ол 10 мыңға жуық жұмыс орнын құруды көздейді.