Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!

stay

Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана — Қазақстанның тәуелсіздігінің, бірлігі мен жасампаздығының айнасы. Қаламыз аз уақыт ішінде қарқынды дамып, халықаралық деңгейдегі ірі орталыққа айналды. Бұл жетістікке жетуде кәсіпкерлер мен инвестордың үлесі зор.

«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы елордамыздың инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға және қала экономикасын әртараптандыруға белсенді үлес қосуда. Болашақта да бірлескен күш-жігерімізбен Астананы әлемнің аса ірі және дамыған қалаларының қатарына қосамыз деп сенемін.

Баршаңызға бас амандығын, толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз! Елордамыз мәңгі гүлдене берсін!