Қазақтың киелі домбырасы — халқымыздың жаны, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі! Бүгін барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Домбыра үні — ата-бабалар рухы, батырлар жырлары, сазгерлер мұрасы. Ол әр шаңырақта жаңғырып, ұлттық санамызды оятып, жас ұрпақтың бойына қазақилықты сіңіреді.
Бұл күн — домбыраның қадірін біліп, оның үніне құлақ түріп, ұлттық өнерімізді дәріптейтін күн. Атулы мереке құтты болсын!