«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»АҚ құрылымына кіреді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 11 мамырдағы тапсырмасы бойынша ұлттық экономиканың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында және «Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 521 қаулысымен Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды.
2021 жылғы 27 желтоқсанда «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы (№ 86-VII ҚРЗ) қабылданды, ол Қордың мақсаттарын, міндеттері мен мандатын бекітті (15-бап).
Бұған дейін Қор «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұсынатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту мақсатында 2005 жылғы 6 қыркүйекте құрылған «ҚДБ-Лизинг» АҚ ретінде жұмыс істеген. 2020 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесі «ҚДБ-Лизинг» АҚ фирмалық атауын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Қордың миссиясы
Өнеркәсіп және инфрақұрылым секторын дамыту есебінен ұлттық әл-ауқатты жақсарту.
Пайымдауы
Өнеркәсіп және инфрақұрылым секторының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ лизинг нарығының дамуына, оның ішінде жеке лизингтік компанияларды қорландыру жолымен жәрдемдесетін қаржы даму институты.
Қызмет принциптері
Қоғам өз қызметінде өзінің миссиясы мен ағымдағы нарық қажеттіліктеріне сүйене отырып, келесі принциптерді басшылыққа алады: