Astana Invest Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған инвестициялық форумына қатысты

stay
stay
stay

Astana Invest Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әуез Тыныбеков Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ірі халықаралық алаңдардың бірі – «Италия – Қазақстан» инвестициялық форумына қатысты.

Форум аясында Әуез Тыныбеков Астана қаласының инвестициялық әлеуетін, инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктерін, сондай-ақ өндірістерді жергіліктендіру және елордада инвестициялық жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін таныстырды.

Форум Қазақстан мен Италияның мемлекеттік органдар, даму институттары, бизнес қауымдастықтары және инвесторлардың өкілдерін бір алаңға біріктірді. Іс-шараға өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, логистика, технологиялар, құрылыс, тамақ өнеркәсібі және консалтинг салаларында жұмыс істейтін 40-тан астам италиялық компанияның өкілдері қатысты.

Қатысушылар қатарында стратегия және цифрлық трансформация саласындағы Италияның жетекші консалтингтік компанияларының бірі Value Partners S.p.A., Венето өңірінің ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі Veneto Agricoltura, инновациялық алюминий архитектуралық жүйелердің халықаралық өндірушісі Reynaers Aluminium, сондай-ақ мал шаруашылығы мен генетика саласына арналған өнімдердің жетекші еуропалық өндірушілерінің бірі Intermizoo S.p.A. және басқа да италиялық компаниялардың өкілдері болды.

Форум аясында пленарлық сессиялар, тақырыптық дөңгелек үстелдер, B2B форматындағы кездесулер және италиялық бизнес өкілдерімен келіссөздер өтті. Олардың барысында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технологиялар трансфері және Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.