Кездесуге Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Халима Иминова, Халықаралық байланыстар және жиынтық талдау департаментінің директоры Азат Төлеубай, ULRUS Manufacturing Solutions ЖШҚ директоры Улугбек Бозоров және компанияның техникалық департаментінің басшысы Ерлан Есім қатысты.
Кездесу барысында Astana Invest өкілдері қатысушыларды қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларымен, оларды алу шарттарымен және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерімен таныстырды.
Сондай-ақ кездесу барысында компанияның Астана қаласында өндірістік орталық ашу жөніндегі жоспарлары талқыланды.
ULRUS Manufacturing Solutions – Орталық Азиядағы жоғары технологиялық өнеркәсіптік және металл өңдеу жабдықтарын жеткізетін жетекші компаниялардың бірі.
Astana Invest инвестициялар тарту, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.