Инвесторлардың проблемалық мәселелерін жедел шешу және инвестициялық қызметке қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, 2024 жылғы 19 қаңтардағы №502-87 Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штаб (ӨИШ) құрылды.

ӨИШ – жобаларды іске асыру барысында инвесторларда туындайтын мәселелерді алқалы түрде қарауды қамтамасыз ететін Астана қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Штаб отырыстарына әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелері, коммуналдық қызметтер, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Өңірлік инвестициялық штабтың (ӨИШ) жұмысының негізгі нәтижелері:

✅ 19 отырыс өткізілді (оның ішінде 2024 жылы – 13, 2025 жылы – 6);
✅ Инвесторлардың шамамен 620 мәселесі қаралды;
✅ Жобаларды іске асыру барысында жедел қолдау мен кешенді сүйемелдеу қамтамасыз етілуде.

Астана қаласының әкімдігі инвесторлармен өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіріп, елорда экономикасына инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

График

1-кезең:

  1. Алдын ала өтінім (1-қосымшаға сәйкес);

  2. Жобаның паспорты (2-қосымшаға сәйкес);

  3. Жер учаскесінің орналасу схемасы (бар болса);

  4. Жоба құнының 10% мөлшерінде қаржылық қамтамасыз етуді растау (ЕДБ-дағы шоттан үзінді көшірме/банк кепілдігі/қарыз шарты немесе кепіл берушіде ақшалай қаражаттың бар екендігін растаумен кепілгерлік шарты)

 

2 кезең:

  1. Әкімдікке хаттың көшірмесі (қосымшаға сәйкес).

  2. Инвестициялық жобаның төлқұжаты

  3. Қаржылық үлгіні әзірлей отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1133 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес жоспары;

  4. Заңды тұлға-инвесторды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

  5. Заңды тұлға-инвестордың жарғысының көшірмесі;

  6. Заңды тұлға-инвестордың салықтары және басқа да міндетті төлемдері бойынша өтініш берушінің берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

  7. Қаражаттың бар екендігін растайтын құжат немесе инвестициялық жобаны қаржыландыру көздерін белгілейтін құжат, іске асырылатын инвестициялық жоба құнының 100% мөлшерінде (ЕДБ-дағы шоттан үзінді көшірме/банк кепілдігі/қарыз шарты немесе кепіл берушіде ақшалай қаражаттың бар екендігін растаумен кепілгерлік шарты).

Қызмет көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 27 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 288 бабына сәйкес:

Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау олардың нарықтық құны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік заттай гранттың ең жоғары мөлшері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркелген активтеріне инвестициялар көлемінің отыз пайызынан аспайды.

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу тегін қызмет болып табылады, www.egov.kz электрондық үкімет порталында электрондық тәсілмен көрсетіледі,одан жүйе автоматты түрде «электрондық лицензиялау» порталына (www.elicense.kz) қайта бағытталады.

Берілген мемлекеттік заттай грантты меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады, ол инвестор мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестордың инвестициялық міндеттемелерді орындауын көздейтін аудиторлық есепті алған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қабылданады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 294 бабына сәйкес:

Инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тоғыз айдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

Инвестициялық жобаны жасасу шеңберінде мынадай преференциялар көзделеді:

  1. Шикізат пен материалдарды импорттауға кедендік баждар мен ҚҚС салудан босату;

  2. Мемлекеттік заттай гранттар.

Басым инвестициялық жобаны жасасу шеңберінде мынадай преференциялар көзделеді:

  1. Кедендік баждарды салудан босату;

  2. Мемлекеттік заттай гранттар;

  3. Салық салудан босату – КТС, мүлік салығы және жер салығы.

 

 

Мемлекеттік заттай гранттар – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен кейіннен меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілетін жер учаскелері.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін заттай грант ретінде беру туралы шешімі инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде оның жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде қабылданады.

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1600000013

Инвестициялық келісім-шарт инвестор мен «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитет» республикалық мемлекеттік мекемесінің арасында жасалады

AstanaInvset – Астана қ. «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймақтарының басқарушы компаниясы, сондай-ақ Астана қ. инвестицияларды тарту және инвесторларды сүйемелдеу саласындағы өңірлік ұйым айқындаған квазимемлекеттік кәсіпорын, инвестициялар тарту және қолда бар және тартылған озық технологияларды пайдалану, экономиканың басым секторлары бойынша бәсекеге қабілетті өндірістер құруға ықпал ететін заманауи инфрақұрылымды құру арқылы Астана қаласын инновациялық дамытудың жетекші кәсіпорны болып табылады.