АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына сәйкес экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 806 қаулысына сәйкес, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ акциялар пакетіне меншік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілді.

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ 2018-2027 жылдарға арналған даму жоспары Қазақстан Республиикасы Үкіметінің жылғы желтоқсандағы № 900 қаулысымен бекітілді.

Компания миссиясы:

Экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

Компанияның көрінісі:

Орталық Азия, ТМД мен өтпелі экономикасы бар бірқатар елдерде шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жетекші агенттік болу

Компанияның рөлі:

Инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсат ету құжаттарын алуға жәрдемдесуді қоса алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша инвесторлар үшін «бір терезе»

KAZAKH INVEST өз жұмысында инвестициялық жобалардың орындалуын қадағалау және мониторингілеу үшін арнайы CRM жүйесін пайдаланады, бұл жүйе инвесторларға сауалдар мен бастамаларды жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ инвестициялаудың барлық кезеңдерінде процесстерді айқындайды

Инвесторлар үшін 24/7 режимінде «жедел көмек» қағидаты бойынша сервистік қызмет көрсететін жедел желі қызмет етедір.

https://invest.gov.kz/kz/