«ASTANA INVEST» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» Астана қ. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп Астана қ. әкімі Әсет Исекешовтің Қазақстандағы бизнес ассоциациялармен екі кездесуі ұйымдастырды: «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» Ассоциациясымен (ҚШИКА) сол жылдың 31 мамырында және Еуропалық Қазақстанның Бизнес Ассоциациясымен (ЕУРОҚБА) сол жылдың 1 маусымында.
Кездесу барысында Астананы әрі қарай дамыту бойынша негізгі бағыттар мен шамамен бизнеспен бірге қолдануға болатын мүмкіндіктер аталып өтті. Сонымен қатар тұрақты және теңдестірілген қала экономикасын құру бойынша үш бастама аталып өтті, бұл жеке инвестициялардың өсуі, жаппай кәсіпкерліктің дамуы және адами капиталдың жаңа сапасы.
Іскерлік қауымға қала назар аударып, бизнестен, нақтырақ айтсақ, инвесторлардан жаңа шешімдер мен ұсыныстардың белсенді іздестіруді жүргізіп отырған 10 негізгі секторлар* мен инвестициялық өнімдер таныстырылды.
Сондай-ақ Астана қ. әкімшілігімен енгізілген Астана қ. бизнес ахуалын жақсарту бойынша жүйелі шаралар аталып өтті, олардың арасында әкімшіліктік ресімдерді жеңілдету, оның ішінде жерге, жылжымайтын мүлікке және инфрақұрылымға қолжетімділікті жақсарту, Инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша Аймақтық кеңестің тиімділігі және т.б.
*5 сатылатын (туризм, девелопмент, заманауи өндіріс, қаржы орталығы, мемлекеттік секторға, халықаралық ұйымдарға және ТҰК арналған қызметтер) және 5 қолдаушы (білім беру, денсаулық сақтау, сауда және логистика, мәдениет және спорт, креативті секторлар).