Astana Invest фронт — офисінде Astana Invest пен жапондық Initial Bonds компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті

stay
stay
stay

Құжатқа Astana Invest Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ауэз Тынибеков пен Initial Bonds директоры Хироки Ямасита қол қойды.

Astana Invest халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамытып, шетелдік бизнеспен өзара іс-қимылды кеңейтуде. Перспективалы бағыттардың бірі – жапондық компаниялармен іскерлік байланыстарды нығайту.

Initial Bonds компаниясы бизнес-консалтинг, электрондық коммерция, тілдік білім беру және мансаптық релокация салаларында қызмет атқарады.

Меморандум екі ел арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, бизнес өкілдері арасында тікелей байланыстар орнатуға және Жапония инвестицияларын Астана экономикасына тартуға жәрдемдесуге бағытталған.

Ынтымақтастық аясында Жапониядан келетін әлеуетті инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары, қолданыстағы инвестициялық преференциялар, арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар үшін мүмкіндіктер, сондай-ақ инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу туралы ақпарат ұсынылды.

«Астана халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтіп, сенімді шетелдік серіктестерді тартуға мүдделі. Жапонияның технологиялық және инвестициялық әлеуеті жоғары, сондықтан жапондық бизнеспен өзара іс-қимыл біз үшін перспективалы бағыт болып табылады. Initial Bonds компаниясымен бірлескен жұмыс Астананың инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілетуді күшейтіп, елордаға жаңа жапондық компаниялар мен жобаларды тартуға мүмкіндік береді» – деп атап өтті Ауэз Тыныбеков.