«Astana Invest» фронт-офисінде Астана қаласы Дін істері басқармасының өкілімен «Қазақстан – зайырлы мемлекет» тақырыбында кездесу өтті

stay
stay
stay

Кездесу барысында «Қамқор-Астана» қоғамдық қорының дінтанушы маманы Арман Нұрахметұлы зайырлылық ұғымы мен дін саласындағы өзекті мәселелер туралы айтып берді.

Маман еліміздің әрбір азаматының ар-ождан және діни сенім бостандығына құқығы бар екенін, алайда діни қызмет заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ діни рәсімдерді өткізу, діни әдебиеттерді тарату, миссионерлік қызмет, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпаратқа сақтықпен қарау қажеттілігі мәселелері қарастырылды.

Мұндай кездесулер діни сауаттылықты арттыруға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді.