Astana Invest фронт-офисінде Қазақстандық TauKen Group Ltd холдингінің атқарушы директоры Насипбай Ахметов және Қытайдың Changzhou Chenwei International Trade Co., Ltd холдингінің бас директоры Сюй Сяньсиньмен кездесу өтті

stay
stay
stay
stay
stay
stay
stay
stay

Бүгін Astana Invest фронт-офисінде Басқарма төрағасының орынбасары Сұлтан Достанов Қазақстандық TauKen Group Ltd холдингінің атқарушы директоры Насипбай Ахметов және Қытайдың Changzhou Chenwei International Trade Co., Ltd холдингінің бас директоры Сюй Сяньсиньмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Астанада инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістерді жергілікті жерде орналастыру перспективаларын, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық бизнес арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Сұлтан Достанов елорданың инвестициялық әлеуеті, өндірістік кәсіпорындарды орналастыру мүмкіндіктері, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары және Astana Invest тарапынан инвесторларға көрсетілетін сүйемелдеу туралы айтып берді.

Астана аумағында жоғары технологиялық өндірістерді жергіліктендірудің перспективалы бағыттарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, күн және фотоэлектрлік жабдықтар, интеллектуалды жарықтандыру жүйелері, тоқыма өнімдері, ұшқышсыз ұшу аппараттары және басқа да өнім түрлерін өндіру салаларында жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша Astana Invest, TauKen Group Ltd және Changzhou Chenwei International Trade Co., Ltd арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, ақпарат алмасуға және бірлескен инвестициялық бастамаларды пысықтауға бағытталған.

TauKen Group Ltd — бұрғылау және жару жұмыстарын жүргізу, кен орындарын игеру және геотехникалық сүйемелдеуді қоса алғанда, тау-кен және инфрақұрылым салаларына қызмет көрсетуге маманданған қазақстандық тау-кен сервистік компаниясы әрі холдингі.

Changzhou Chenwei International Trade Co., Ltd — өндірістік кәсіпорындар тобының мүддесін білдіретін қытайлық сыртқы сауда компаниясы. Компания Қазақстан нарығына шығу және Астанада бірқатар өндірістік бағыттарды жергіліктендіру мүмкіндіктерін қарастыруда.