Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Сингапурлық «Pegasus Education Group» компаниясы Нұр-Сұлтандағы білім беру жүйесін дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.
Жобаның басты мақсаты: «Нұр-Сұлтан қаласында үздіксіз білім алу үшін: балабақша - жалпы білім беретін орта мектеп - кәсіби техникалық колледж - білім беру орталықтарын құру», бұл халықаралық мойындатылған Сингапурлық білім беру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылмақ.
Бірінші кезеңдегі жалпы инвестиция шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрайтын болады деп болжамдалуда, 300 жаңа жұмыс орнын жоспарлануда.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз етуге кешенді көмек көрсетеді: жер учаскесі түрінде мемлекеттік несие беру, қажетті инфрақұрылымды құру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, жан басына қаржыландыру және т.б.
Инвестор өз тарапынан Жобаны тиісті сипаттамаларына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отыр: кемінде 200 (екі жүз) орынды балабақша, кемінде 2000 (екі мың) орынды мектеп және кемінде 2000 (екі мың) орынды колледжді ашу, Жобаның операциялық қызметінің шеңберінде жалпы педагогикалық қызметкерлердің кемінде 30% қазақстандық педагог қызметкерлерді тарту, түлектердің халықаралық дипломдар мен/немесе сертификаттарды алу мүмкіндігі бар халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыру.
Анықтама: