АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

30 қыркүйек - Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы алдындағы есептің бірыңғай күні

[HTML]

Құрметті елорда кәсіпкерлері!

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 30 қыркүйек бақылау-қадағалау органдарының бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында есебінің бірыңғай күні болып тағайындалды. Бұл іс-шара алғашқы және одан кейінгі жыл сайынғы негізде өткізілетін болады.

Есептің бірыңғай күнінде аумақтық мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары (Бас прокуратура, Ішкі істер, Қаржы, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, Энергетика, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрліктері) тексерулер барысында неғұрлым жиі анықталған бұзушылықтар туралы, оларды нивелирлеу туралы ұсыныстармен , сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласындағы заңнамадағы міндетті талаптар, жаңалықтар мен өзгерістер туралы сөз сөйлейді.

Осыған байланысты, елорда кәсіпкерлерін 30 қыркүйекте Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында (кинозалда) өтетін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Уақытқа қатысты ақпаратты келесі телефондар бойынша іс-шара өтетін күнге жақын кезде нақтылауыңызды сұраймыз:

55-69-16, 55-69-10, 55-69-03