Абай күні құтты болсын!
Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абайдың әрбір сөзі – ұлтты білімге, еңбекке, ізденіске және адамгершілікке үндейтін рухани бағдар. Оның шығармалары уақыт өткен сайын жаңаша қырынан танылып, кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп келеді.
Ұлы ақынның мұрасы – халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы. Абай тағылымы елмен бірге жасай берсін!
Абай күні құтты болсын!