Көше шамдарын шығаратын кәсіпорын

stay

Елорда іргесіндегі №1 Индустриялық паркте орналасқан «Led Solutions» кәсіпорны күн сайын жүздеген жарық диодты шам шығарып, оларды Астанаға ғана емес, еліміздің өзге өңірлеріне де жөнелтеді.

Кәсіпорын 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 60-тан астам адам еңбек етеді. Заманауи өндірісте электрондық платаларды әзірлеуден бастап, шамдарды толық құрастыру мен сапасын тексеруге дейінгі барлық процесс жүзеге асырылады.

LED шамдарының басты артықшылығы – электр энергиясын бірнеше есе үнемдеп, ұзақ жылдар бойы қызмет етуінде. Сондықтан олар көшелерде, мектептерде және әлеуметтік нысандарда кеңінен қолданылады.

Бұл өндірістің тағы бір ерекшелігі – жас мамандарға мүмкіндік беруі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың түлегі Әлімжан Маратов сияқты жастар бүгінде кәсіпорынның дамуына өз үлесін қосып, жоғары технологиялы өндірісте еңбек етуде.

Кешкісін жарқыраған қала шамдары – тек жарық емес. Оның артында отандық өндірістің қуаты, инженерлер мен жұмысшылардың күнделікті қажырлы еңбегі жатыр.

Толығырақ «Көше шамдарын шығаратын кәсіпорын» мақаласында 

https://egemen.kz/article/416859-koshe-shamdaryn-shygharatyn-kasiporyn