Astana Invest орталық кеңсесінде Астана қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Акимжанов пен Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттары: Кендебай Адамбек, Зейнұлқабден Табиғат және Жанаргүл Күлмағамбетова арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Astana Invest басқарма төрағасы Асхат Бекеев депутаттарды компанияның қызметімен таныстырып, оның болашаққа арналған стратегиялық жоспарларымен бөлісті.
Депутаттар Astana Invest-тің инвестиция тарту және елордадағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін негізгі институт ретіндегі жұмысын атап өтіп, ортақ мақсаттарға жету үшін одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.