Бүгін Астанада Astana Invest Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ауэз Тынибеков пен BAGULAS MOTORS компаниясының директоры Ван Данның кездесуі өтті.
Ауэз Тынибеков елорданың инвестициялық ахуалы, мемлекеттік қолдау тетіктері, сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялар туралы ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында тараптар BAGULAS MOTORS компаниясының қызметін және ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Компания FAW Jiefang жүк көліктерін сату және оларға сервистік қызмет көрсетуге маманданған және өзін Орталық Азиядағы FAW Jiefang ресми дилері ретінде таныстырады.
Компанияның өнім қатарында әртүрлі жүк көліктері, соның ішінде FAW JH6 самосвалдары бар. Сонымен қатар BAGULAS MOTORS коммерциялық көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін ұсынады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық перспективалары мен іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.