АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстанның негізгі салаларының бірі болып табылады.

Қазақстанда өнім шығару көлемі жыл сайын артып келеді. 2023 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 8,3 трлн теңгені құрады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің қазақстандық өнімі ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да сұранысқа ие. Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын негізгі сатып алушылары ЕАЭО, Қытай және Иран елдері болып табылады.

2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 10,3% - ға жетіп, 981,1 млрд теңгені құрады.

Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы саланы дамыту үшін жағдайлар жасайды. Инвесторларға жеңілдетілген несие шарттары, кедендік баждар, салықтық жеңілдіктер және заттай гранттар ұсынылады.