АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

S&P Global халықаралық рейтинг компаниясымен кездесу

[HTML]

Бүгін Astana Invest алаңында РФ және ТМД-дағы S&P Global халықаралық рейтинг агенттігі филиалының басшысымен кездесу өтті. Кредит қабілеттілігіне бағалау жүргізу және елорда рейтингін беру мүмкіндіктері талқыланды. Ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде кредиттік рейтингтер туралы ақпарат алмасуға уағдаласты.

Жалпы, S&P ұлттық және өңірлік шкала бойынша кредиттік рейтингтерді береді. Қаланың инвестициялық қоғамдастығы үшін S&P Global рейтингтерін беру кредиторлармен, қарыз құралдарын ұстаушылармен, инвесторлармен және іскер серіктестермен қарым-қатынастардың сапалы өзге деңгейіне көшуді білдіреді.

Эмитенттер кредиттік рейтингтерді нарық қатысушыларын өзінің борыштық міндеттемелерінің салыстырмалы кредиттік сапасы туралы хабардар ету үшін пайдалана алады, осылайша әлеуетті инвесторлардың санын ұлғайтады.

Анықтама:

  • S&P Global Ratings кредиттік рейтингтері Мәскеу, Киев, Прага, София, Рига, Загреб сияқты елордалық қалаларда бар.
  • 2018 жылы Қазақстанның кредиттік рейтингі «ВВВ-» деңгейінде расталды, болжам – «Тұрақты».

Дереккөз: Анықтамалық «Кредиттік рейтингтер туралы білу керектің барлығы»