Бүгінгі таңда елордада оқушылар санының өсуінде оң үрдіс бар, 2022 жылға қарай оқушылар санының 25% - ға артуы күтілуде. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша, Astana Invest қалада жаңа мектептер салу үшін әлеуетті инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде 40 мыңға жуық оқушы орнын құра отырып, 15 мектепті іске қосуды іске асыру белсенді жалғасуда.
Astana Invest Басқарма Төрағасы Жанболат Кәкішев бастаған Бахрейннің корольдік қайырымдылық ұйымы мен «Нұрлы Астана» корпоративтік қоры салған, ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға тапсырылған №91 мектеп-гимназияны қоса алғанда, әлеуметтік нысандарды аралап шықты.
1200 оқушы орнына арналған құны 3,3 млрд. теңге болатын осы жобаны іске қосу мектеп персоналы үшін 100 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кездесу барысында мектеп директоры Алмагүл Сегізбай негізгі мақсаты көптілділікті дамыту болып табылатын мектеп тұжырымдамасы туралы айтып берді. Атап айтқанда, ағылшын, француз, неміс, араб сияқты шет тілдерін үйрену. Сондай-ақ мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған IELTS емтиханына дайындықты қоса алғанда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамытуды көздейтін гимназия сыныптарына арналған арнайы курстар әзірленді.