Нұр-Сұлтанда ағымдағы жылдың соңына дейін «Астана жаңа қала» АЭА аумағында тоттанудан және оттан қорғау үшін өнеркәсіптік лак-бояу материалдары өндірісін іске қосу жоспарлануда. Қуаттылығы жылына 5 мың тонна болатын 20 өнім түрін шығару жоспарлануда.
Өнімнің Қазақстан Республикасында аналогы жоқ және сапасы жағынан ең үздік әлемдік аналогтардан (Jotun, Hempel, Teknos, PPG және т. б.) кем емес, бұл ретте 30-50% - ға арзан.
Бүгін «Ұзақ мерзімді қорғауға арналған заманауи материалдар» конференциясы алаңында металл мен бетонды ұзақ мерзімді қорғау үшін заманауи материалдар нарығындағы көшбасшы - ірі ресейлік «ВМП» холдингімен кездесу өтті.
«ВМП Казахстан» ЖШС өкілдері атап өткендей, елордада АЭА аясындағы ынталандыру, сондай - ақ жобаны жүзеге асырудың барлық сатыларында қала әкімдігінің қолдауы сияқты қолайлы инвестициялық климат құрылған.
Анықтама: