Осы тақырып аясында Астанадағы Stadler Kazakhstan зауытында қазақстандық компанияларға алғашқы Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға 36-дан астам отандық компания шақыртылып, еліміздің теміржол машина жасау саласын дамыту үшін ең перспективалы жергіліктендіру бағыттарымен танысты.
Қатысушылар қатарында жобаға компоненттер жеткізіп отырған қазіргі серіктестермен қатар, аудит пен валидациядан сәтті өткен компаниялар да болды. Жаңа өндірістік цехтар іске қосылғаннан кейін сұранысқа ие болатын өнімдер мен қызметтерді ұсына алатын кәсіпорындар да қатарымызға қосылды.
Бүгінде «Штадлер Қазақстан» ЖШС өндірістік алаңында негізгі технологиялық процестер жергіліктендірілген. Компания өндірген 85-тен астам жолаушылар вагоны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның балансына өткізілді.