АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік толыққанды грантты жер учаскесі түрінде беру туралы алғашқы инвестициялық келісімшарт жасалды

[HTML]

Бүгін инвестицияларды мемлекеттік қолдау шеңберінде «Нұр-Сұлтан қаласындағы толық циклді жоғары технологиялық ет өңдеу кешені» инвестициялық жобасын іске асыруға жер телімі түрінде мемлекеттік заттай грант беруге елорда тарихында бірінші инвестициялық келісімшарт жасалды.

Осы жобаны іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында заманауи, жоғары технологиялық ет өңдеу кешені салынатын болады. Бұл Нұр-Сұлтанның азық-түлік белдеуін нығайтуға, аймақтағы экологиялық таза және жаңа ет өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстанның мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы, жоба аясында 80-нен астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда, жобаның болжамды құны 3,6 млрд. теңгені құрайды, өндірістік қуаты жылына 24 000 тонна ет және ет өнімдерін құрайды.

Жоба шеңберінде өндірістің толық циклін ұйымдастыру жоспарлануда – союдан дайын өнімге дейін: ет деликатесалары (қазы, шұжық, карбонад, филе, сан ет, кесінділер, кеудешелер және т. б.); стейктер (Tenderloin steak, Rib eye roll steak, Striploinsteak, Top blade steak, Flank steak, Machete steak, Trytipsteak, Hanger steak, Topside steak және т. б.); шұжық өнімдері (сүрленген шұжықтар, жартылай сүрленген шұжықтар, шала сүрленген шұжықтар, сүрленген-пісірілген шұжықтар, пісірілген шұжықтар, сосискалар және қысқа шұжықтар және т. б.); консервіленген бұйымдар («АНГУС» бұқтырылған еті, «Қарақұмық қосылған бұқтырылған сиыр еті», «Туристтің таңғы асы», «Күріш қосылған бұқтырылған сиыр еті», «Бұқтырылған жылқы еті» және т.б.); жартылай фабрикаттар (котлеттер, гамбургерлер, тұшпаралардың 7 түрі, тефтелдер, голубцы, панировкадағы тауық қанаттары, қайнатқыштар және т. б.).  

Өндірісте "BANSSAustria" (Австрия) - сою желісі, ІҚМ, қой, жылқы және т.б., "Germany Freund" (Германия) - премиум класты сою және жармалау цехтары мен ет өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар, "ROSERGROUP" - "OgalsaSpain", "Maschinenfabrik Seydelmann KG" (Германия) - ет өнімдерін өңдеуге арналған машиналар мен қондырғылардың жетекші еуропалық өндірушілерінің бірі сияқты жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи жоғары технологиялық жабдықтары пайдаланылатын болады.