АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Ұлттық ғарыш орталығы аумағындағы «Tamos Space School» жеке мектебінің құрылысына Алғашқы тас қалау рәсімі өтті

[HTML]

Бүгін, Ұлттық ғарыш орталығының аумағында «Tamos Space School» жеке мектебінің құрылысына Алғашқы тас қалау рәсімі өтті.

Жеке инвестициялар мен білім беру саласындағы инвесторларды қолдау шараларының арқасында астанада «Tamos Space School» ғарыштық технологиялар мектебі - білім беру нарығында 25 жылдан астам уақыт бойы танымал «Tamos» брендімен жұмыс істейтін алғашқы мектеп құрылатын болады.

Жобаны іске асыру 800 оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Жаңа мектептің ашылуы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған, бастапқы қабылдау физика-математикалық бейін бойынша 0-ден 4-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін жүргізіледі. Жаңа мектептің құрылтайшылары

«Тамос Эдьюкейшн физика-математика мектебі» ЖШС және «King Development» малайзиялық компаниясы болып табылады.

Тас қалау рәсімі Малайзияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Саид Мохамад Бакри бин Саид Абдул Рахман, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Марат Нұрғожин, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Азамат Батырқожа, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев, «Жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Роза Садықова, «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Мұхамед Қабульдиновтың қатысуымен өтті.

Айта кету керек, бала туу қарқыны мен қаладағы мектептердің шамадан тыс жүктелуін ескере отырып, 2018 жылдан бастап қалада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Қаржы орталығы» АҚ, «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС қолдауымен білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, халықаралық білім беру стандарттарымен балабақшалары бар 21 жеке мектеп (оның ішінде 7 шетелдік қатысумен) құрылысы жоспарланып отыр. Осы жобаларды іске асыру қалада  2 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын, 18 000 оқушы орнын және 3 200 мектепке дейінгі орнын құруға мүмкіндік береді.