Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев инвесторлар үшін қолданыстағы жеңілдіктер мен преференцияларды түсіндіру мақсатында, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы энергия үнемдейтін жарық техникалық жабдық өндіруші компаниямен кездесу өткізді.
Шетелдік компания Нұр-сұлтан қаласында, сондай-ақ жалпы елімізде энергия үнемдейтін электр шамдары мен жарықтандыру жабдықтарын шығаратын зауыт салуға қызығушылық танытты.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сәйкес республикада электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру көлемі соңғы 5 жылда 35%-қа -2020 жылы $15,6 млн-ға ұлғайды. Оның ішінде 16% ($3,3 млн) тауар елордада шығарылады, 29% ($5,9 млн) Алматы облысына, 37% ($7,4 млн) Қарағанды облысына тиесілі.
Мұндай жобаларды іске асыру елордада және жалпы елімізде қоғамдық орындардағы жарықтандыру құралдарын ақылды жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша өсіп келе жатқан қажеттілікті шешуге көмектеседі. Соңғы 4 жылда ҚР-ның жарықдиодты шамдар импортының көлемі 75% -қа артып, 2020 жылы $15,6 млн құрады, оның ішінде 58% ($9 млн) өнім Қытайдан сатып алынады, 37% ($5,7 млн) РФ-дан импортталады.
Бүгінгі таңда Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі көшені жарықтандыру желілерін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде. Өз кезегінде, Astana Invest қалалық ортаны жақсарту үшін осы жобаны іске асыруға мүдделі барлық адамдарға жан-жақты қолдау көрсетеді.