Нұр-Сұлтан қаласында туристік объектінің дамуы талқыланды

stay
stay
stay
stay
[HTML]

Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев Астаналық циркке барып, қаланың маңызды туристік нысандарының бірін одан әрі дамытуды талқылады.

Кездесу аясында цирк  және цирк аренасы бойынша экскурсия жүргізілді, сондай-ақ басшылық халықты жаңа шоулар өткізу, мобильді көшпелі топтар құру, атақты шеберлерді шақыру және тағы басқа мәдени-бұқаралық іс-шаралармен кеңінен қамту үшін ойын-сауық бағдарламасын дамыту туралы болашақ жоспарларымен бөлісті.

Астаналық цирк – Қазақстанның басты үш циркінің бірі (Алматы және Шымкент қалаларында да бар). 2019 жылы Астаналық циркке 85 мың көрермен келді (Алматы циркі – 68 мың, Шымкент қаласы – 63 мың). «Ұшатын табақ» түріндегі ғимарат бұрынғы КСРО аумағындағы (Қазан қ. циркімен бірге) ең ерекше цирк ғимараттарының бірі болып саналады. Бұл заманауи инфрақұрылым жыл сайын елордаға көптеген туристердің назарын аударатыны қуантады.

Бүгінгі таңда ойын-сауық саласы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ-нің 1,5%-ын құрайды. 2020 жылы саланың ЖҚҚ (жалпы қосылған құны) 107 млрд теңгені (2019-122 млрд), ҚР бойынша – 558 млрд теңгені (2019-509 млрд) құрады.

Бүгінгі таңда циркте 296 адам еңбек етеді. Мұнда цирк өнерінің барлық жанрлары ұсынылған: акробатика, гимнастика, иллюзия, клоунада және басқалар. Астаналық цирктің шығармашылық ұжымы – бұл цирк өнерінің еңбек сіңірген шеберлері, халықаралық фестивальдар мен конкурстардың лауреаттары.