АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Елордада халықаралық үлгідегі жаңа жекеменшік мектептер салынады

stay
stay
stay
stay
stay
stay
stay
[HTML]

Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан: Бахрейн Корольдігінің жалпы білім беретін мектебі («Нұрлы-Астана» КҚ), Astana Garden School және Tamos Space School мектептерінде болды.

Бүгінгі таңда елордада оқушылар санының өсуінде оң үрдіс бар, 2022 жылға қарай оқушылар санының 25%-ға артуы күтілуде. Мемлекетке көмектесу үшін жеке инвесторлар қаладағы жобалардың көп бөлігін алып, мектептер салуды бастады. Әлеуметтік бағыттылықты ескере отырып, бұл жобалар елорда әкімі Алтай Көлгіновтің ерекше бақылауында.

Инвесторлар жеке мектептер құрылысының халықаралық үлгідегі сапалы білім беруге бағытталғанын ерекше атап өтті. Айта кету керек, Astana Invest көмегімен мектеп құрылысына инвесторлар тарту бойынша жұмыс аясында қала аумағында 40 мың оқушы орнын құрумен 37 инвестициялық жоба белсенді жүзеге асырылуда. Осы жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 90 млрд. теңгеден асады.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында құрылыс материалдарының импортын алмастыру мәселелері талқыланды, шыны пакеттер, қыш бұйымдар мен санфаянс, өнеркәсіптік линолеум, композиттік арматура, қасбеттік сэндвич панельдер және т. б. материалдар бойынша жоғары қажеттілік анықталды.

Astana Invest-тің әрбір бағыты бойынша әлеуетті инвесторларды сүйемелдеу және тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.