Инвестициялар сандарда

[HTML]

2019 жылдың қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 36,2%-ға аз.

Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері болып 87,4% (20,4 млрд. теңге) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа тиесілі, басқа қарыз қаражаттары 8,3% (1,9 млрд. теңге), бюджет қаражаты - 3,8% (0,9 млрд. теңге), банктердің несиелері 0,5% (0,1 млрд. теңге).

Сыртқы инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 2,3 есеге азайды (2,3 млрд. теңге). Шетелдік инвестициялардың үлесі 6,4%-дан 4,3%-ға дейін азайды.

Пайдалану тұрғысында ең үлкен үлес жылжымайтын мүлік (49,5%), өнеркәсіп (27,0%) (электр энергиясы, газ, бу беру және ауаны баптау) бойынша жүргізіледі. тасымалдау және қоймалау (6,5%).

Қаланың негізгі инвесторы шағын кәсіпкерлік болып табылады, инвестициялардың жалпы көлемінің 68,3%-ын құрайды (ірі бизнестің 23,9%-ы, орта бизнестің 5,3%-ы).

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті