Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев Қазақстан – Үндістан бизнесінің өзара тиімді ынтымақтастығы үшін экономиканың перспективалық салаларын талқылау бойынша Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шубдаршини Трипатимен кездесу өткізді. Бұл медицина және фармацевтика, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ үнді шайларын жеткізу мен орау мәселесін шешу сияқты салалар.
Үнді тарапына Astana Invest компаниясының қызметі таныстырылды, елордада инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары айтылды.
Сонымен қатар, тараптар Үнді капиталын тарта отырып, іске асырылған және перспективалы жобаларды талқылады.
Шубдаршини Трипати ханым Қазақстанда үнді бизнесін жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша екі мемлекеттің бизнес өкілдерімен кездесулер өткізу үшін басым бағыттар бойынша ірі компаниялардың тізімін жасау туралы келісті.