2018 жылдың 3 шілдесінде Астанада аймақтардың/қалалардың жаңа сапасын қалыптастыруға арналған қалалар мен үкімет жетекшілерін, салалық сарапшыларды біріктіретін «Global Silk Road» жібек жолы елдері қалалары басшыларының І Форумы өтті.
Форумға Астана қ. әкімі Асет Исекешев, Уфа, Самарқанд, Будапешт, Санкт-Петербург сияқты қалалардың мэрлері және халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басқа да өкілдері қатысты.
Форумның қатысушысы және спикері ретінде HansonRobotics гонконгтық компаниямен әзірленген София (гиноид) адам тәріздес роботтың қатысуы Форумның ерекшелігі болды.
Форум алаңы болашақ қалаларын дамытудың өзекті сұрақтарын, оның ішінде ақылды, тұрақты және қауіпсіз қалаларды, халықтың өмір сүру және бизнес жүргізу сапасы жоғары деңгейлі қалаларды құруға инвестицияларды талқылау үшін, сонымен қатар аталмыш бағыттарда тәжірибе алмасу үшін мүмкіндіктер берді.
ASTANA INVEST Форумының шеңберінде Астана қ. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бойынша басқарманың қолдауымен шетелдік және отандық компаниялардың арасында инвестициялық ынтымақтастықты жылжытуда белсенді қатысты. Іс-шаралар барысында Астана қ. бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімшарттар бекітілді, олардың арасында келесілер бойынша жобалар: