Машина жасау Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады.
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі жылдан жылға артып келеді және 2023 жылы 4 171,,9 млрд.теңгені құрады (2022 жылы – 3 114,9 млрд.теңге). Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесі 19,3%, ал Қазақстанның барлық өнеркәсібінде – 2,3% құрады.
Сондай-ақ, автомобильдер өндіру көлемінің өсуі 2022 жылмен салыстырғанда 36,8% құрады.
Жабдықтарды, оның ішінде компьютерлерді, электрондық және оптикалық, электр және басқа да жабдықтарды өндіру үлесі 34,3% құрады
Сала кәсіпорындары санының серпінінде соңғы бес жылда 11,4%-ға өсім байқалды.
Саланың инвестициялық көрсеткіштері өсуде. Өткен жылы машина жасаудың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 20,7 млрд. теңгені құрады.
Қазақстанның машина жасау саласын дамытуға инвестицияларды, экспортты мемлекеттік қолдау (республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде), техника лизингі бойынша арнайы шарттар, жобаларды қамтамасыз ету үшін жеңілдікті қаржы құралдары, гранттар, жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы және басқа да нысаналы құралдар ықпал етеді.