Жеңіл өнеркәсіптің экономиканы дамытудағы рөлі өте маңызды. Тұтыну деңгейі бойынша оның өнімі азық-түлік тауарларынан кейін екінші орын алады.
Жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде сала қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күнін атап өтеді.
Әкімнің орынбасары Ерлан Бекмурзаев Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Басшысы Ержан Балтаевпен бірге елордалық кәсіпорындардың қызметкерлерін құттықтап, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың атынан Құрмет грамоталарын және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хаттарын табыс етті.
Марапатталған кәсіпорындардың арасында АЭА қатысушысы да бар – «Astana Ютария Ltd» Өндірістік-инновациялық компаниясы» ЖШС.
Astana Ютария Ltd жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласындағы жетекші қазақстандық компаниялардың бірі болып табылады. Өндірістік кешеннің ауданы 7000 шаршы метрден асады.
Іске асырылып жатқан жоба жоғары еңбек өнімділігімен 400-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.