2020 жылдың 11 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы басшысы Ержан Балтаев пен «Қазақстанның астық өңдеушілері одағы» Заңды тұлғалар бірлестігі Президенті Евгений Ган Нұр-Сұлтан қаласында астық өнеркәсібі өндірісін жолға қою мен инвестиция тарту мәселелері бойынша кездесті. Кездесуде «Astana Invest» Қазақстанның, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі нарығындағы азық-түлік өнімдеріне деген сұранысы мен осы саладағы өндірісті дамыту мәселелерін көтеріп, өндірісті орналастыру туралы ұсыныстар жасады. Өз кезегінде «Қазақстанның астық өңдеушілері одағы» Нұр-Сұлтан қаласының тамақ өнеркәсібіндегі қордаланған мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар астананың астық өңдеу саласындағы азық-түлік өндірісін дамыту бойынша бірге қызмет етуге уағдаласты.