АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Хорватия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен кездесу

[HTML]

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасындағы Хорватия Республикасының Елшілігі мен «Astana Invest «ҚИДО» ЖШС өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында екі компанияның ынтымақтастығы мен даму перспективалары талқыланды.

«Astana Invest «ҚИДО» ЖШС Басқарма Төрағасы Балтаев Ержан Талғатұлы қалалық инвестицияларды дамыту орталығының ағымдағы қызметі, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты таныстырды. Бұдан басқа, елорданың инвестициялық ахуалын жақсарту үшін өзара іс-қимылдың ықтимал нысандары туралы ұсыныстар енгізілді.

Өз кезегінде, Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович құрылыс, білім беру, спорт, мәдениет, туризм және басқа да түрлі секторлардағы ынтымақтастықтың берік ниеті туралы хабарлады. Елші Хорват компанияларымен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді, сондай-ақ Хорватияның бизнес өкілдері арасында Қазақстанды белсенді ілгерілетуге қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар кейінгі ынтымақтастық үшін одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты. Сондай-ақ, Хорват инвесторларымен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау үшін бірқатар кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.