АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

ҚИДО "Astana Invest" өкілдерінің Emirates Global Education Investment Group өкілдерімен кездесуі

[HTML]

2020 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінде Нұр-сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚИДО "Astana Invest" өкілдері Emirates Global Education Investment Group өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Нұр-сұлтан және Алматы қалаларындағы Sabis халықаралық мектептерінің инвестициялық жобаларын іске асырудағы ағымдағы мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта жобалар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысында тұр, алайда Қазақстан Республикасының Құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық нормалары мен Sabis мектептерінің халықаралық стандарттары арасындағы айырмашылықтарға байланысты жобаларды іске асыру баяулады.

Қазақстандық делегация тарапынан осы жобаларды іске асыруды одан әрі жан-жақты қолдау үшін толық дайындық көрсетілді. Emirates Global Education Investment Group бас директоры Халед Мубарак Әл Кенди жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыруға ниетті екенін айтып, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі мен Astana Invest компаниясына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша құрылысты бастау туралы шешім қабылданды

Нұр-сұлтан қаласынан. Бұдан басқа, туындаған құрылыс мәселелерін жедел шешу үшін Astana Invest инвестордың жобалау ұйымымен тікелей жұмыс істейтін болады.