«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жекеменшік мектептердің мемлекеттік білім беру тапсырысын алуы көзделген.
Жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үдерісі 2019 жылдан басталды. Осы мақсаттарға 3 жылдық бюджетте 56 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген, бірақ бұл қаражат бюджетті атқару барысында секвестрлеуге жатпайды.
Бүгінгі таңда республикамыздың 108 жекеменшік мектебінде 30 мыңнан астам орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілгелі бері қысқа уақыттің ішінде 70 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл соңғы 10 жылда ашылған жекеменшік мектептердің ең көп саны.
Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары 90-нан астам жекеменшік мектеп ашылады деп күтілуде.
Операциялық шығындарды өтеуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері:
Жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың мақсаты:
Мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға жаңадан ашылған барлық жекеменшік мектептер үміткер бола алады.
Сонымен қоса, жекеменшік мектептер құрылыс және рекоснтрукция жасау жолымен ашылған жағдайда инвестициялық шығындарды өтеуге мүмкіндік беретін ұлғайтылған мөлшер төленеді.
ЖАҢАДАН ЕНГІЗІЛГЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕ ҮЛГІСІ
*2019 жылға орташа мәні – 235,7 мың теңге
Жекеменшік мектептердің құрылысын қолдау тетігі туралы толығырақ ақпаратты 8 (7172) 695-035, 695-876, call-center - 8 800 080 28 28 (байланысу тегін) телефондары арқылы және www.fincenter.kz сайтынан алуға болады.
ИНВЕСТОРҒА АРНАЛҒАН КОМПАС 2.0. Мектептерде жаңа оқу орындарды енгізу бойынша ақпараттық-әдістемелік жинақ.
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ