30 мамырда сағат 17:00 Қазақстанның барлық өңірлерінде«Халық заңгері» тегін республикалық акциясы басталады, ондақұқық саласының сарапшылары азаматтарға барлыққызықтыратын сұрақтар бойынша тегін кеңес береді.
Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға жәнеазаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оғанадвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтынмүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері және т. б. қатысады.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділетминистрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі.
Астана қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайы бойынша Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайығимаратында өтеді.
Көмектесуге бірігеміз!