АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Қазақстан-Сербия бизнес-форумы аясында, ASTANA INVEST және «Astana» ӘКК сербиялық бизнестің өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді

[HTML]

Бүгін, Қазақстан-Сербия бизнес-форумы аясында, ASTANA INVEST және «Astana» ӘКК сербиялық бизнес өкілдерімен екі жақты кездесулер өткізді.

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энергетика, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және т. б. салалардағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды..

Анықтама:

  • Қазақстан мен Сербия арасындағы сыртқы сауда айналымы соңғы жылы 60% - ға өсті, 42 млн. доллар құрайды;
  • Қазақстанда сербтік капиталдың қатысуымен 20 кәсіпорын жұмыс істейді;
  • Сербия - әлемдегі ең ірі таңқурай экспорттаушы;
  • Сербияның Қазақстан сияқты теңізге шығатын жолы жоқ, ел туризмге онша тәуелді емес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қызмет көрсету саласын дамытады;
  • Екі елдің елордалары арасында ұқсастықтар бар, мысалы, Белград қаласы Савой өзенімен екі бөлікке бөлінген: ескі қала оң жағалауда және жаңа — сол жағалауда;
  • Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне атақты серб, электротехника және радиотехника саласындағы өнертапқыш — Никола Тесланың есімі берілген.