АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Өзара тиімді Қазақстан - Словак әріптестігін нығайту

[HTML]

Бүгін, 2018 жылғы 15 қарашада Нұр-Сұлтанда екі елдің Премьер-Министрлері, сондай - ақ қазақстандық және словак бизнес-қоғамдастығының 120-дан астам өкілдерінің қатысуымен «Іскерлік кеңес» Қазақстан-Словак бизнес-форумы өтті.

Форум аясында инвестициялар тарту, транзит - көлік саласы, IT - технологиялар мен инновация, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.

Анықтама:

  • Словакия Республикасы Қазақстанның Орталық Еуропадағы маңызды сауда - экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады.
  • Қазақстан мен Словакия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың 8 айында 13,9% - ға өсіп, 33,5 млн. АҚШ долларын құрады.
  • Бүгінгі таңда Қазақстанда словак капиталының қатысуымен түрлі салалардағы 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.