АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Қазан қаласының туризмді дамыту комитетімен екіжақты ынтымақтастықты нығайту талқыланды

[HTML]

Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің директоры Дария Санниковамен онлайн-кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және туризм саласындағы перспективалы жобаларды қоса алғанда, бірлескен іс-шаралар өткізу жөніндегі мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Е.Балтаев Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің директоры бастаған татар делегациясын Нұр-Сұлтан қаласына шақырды.