Тяньцзинде ШЫҰ саммиті мәресіне жетті
Бүгін Бейжіңде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдан 500-ден астам мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының өкілдері, соның ішінде 70-ке жуық ірі қытай корпорациясының жетекшілері қатысты.
Отырыс аясында энергетика, логистика және өндіріс салаларын қамтитын жалпы сомасы 15 млрд доллардан асатын 70-ке тарта келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысы мен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің орынбасары Дин Сюэсян осы жобаларды бекітті.
Негізгі бағыттар – энергетикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестициялар, «жасыл» өсімді ілгерілету, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейту болды. Шу қаласындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында орналасқан өндірістік базамен телекөпір өтіп, жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы көрсетілді.
Отырыс соңында жалпы құны 5 млрд доллардан асатын бірқатар құжаттарға қол қойылды. Солардың ішінде ерекше атап өтілген жоба – Астана әкімдігі мен «Жібек жолы Жарығы» ЖШС арасындағы көпфункционалды логистикалық тарату кешенін салу жөніндегі меморандум.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі 2013 жылдан бері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайту үшін негізгі алаң болып табылады.