АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Astana Invest платформасында өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

stay
stay
[HTML]

А.ж. 4 желтоқсанында Astana Invest платформасында «City 360*» жобасы шеңберінде «AstanaInvest» ҚИДО» ЖШС, «Rensa» ЖШС және «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық, индустриялық-инновациялық және мәдени-туристік әлеуетін тұрақты дамыту болып табылады.

Кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ туризмді, мәдениетті және қоғамды дамыту саласындағы болашақ жобалар талқыланды.

«Rensa» ЖШС басшысы кеңістікті лазерлік сканерлеу технологиясының көмегімен нақты үй-жайлардың 3D цифрлық көшірмелерінен құрылған виртуалды тур – «City 360*» жобасын ұсынды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет, бизнес және туризм нысандарының 120-дан астам виртуалды туры бар, олар компанияның сайтында жарияланған.

Виртуалды турлар мәдениет, тарих мұраларын үйден шықпай-ақ көруге мүмкіндік беретіндіктен, интернетке қосылу ғана жеткілікті, бұл ұтқырлық пен оқшаулауды қамтамасыз етеді, бұл - туризмнің жаңа шындықтары үшін маңызды фактор болып табылады.