АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Инвестициялық экскурсия барысында түрік компаниясына «Астана - жаңа қала» АЭА-ның бос жер телімдері ұсынылды

[HTML]

Бүгін, 2018 ж. 28 қарашада, «ASTANA INVEST» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы «Betek Boya Kimya» түрік компаниялары үшін «Астана жаңа қала» АЭА аумағында инвестициялық тур ұйымдастырды. Компания су және синтетикалық негізде лак-бояу өнімдерін шығарады.

Тур барысында компания Нұр-Сұлтандағы «Ipek Kagit Central Asia» компаниясының санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өндіру жөніндегі қызметімен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ASTANA INVEST «Астана жаңа қала» АЭА -да жер телімін алу жөнінде кеңес берген болатын.

Анықтама:

  • «Betek Boya Kimya» (Түркия) компаниясының инвестициялар көлемі: 8 млн. АҚШ доллары.
  • Жұмыс орындары: 70 адам
  • Іске асыру мерзімі: 2018-2020 жж.
  • Қуаты: жылына 6 500 тонна лак-бояу өнімі.