6 қазанда Astana Invest кеңсесінде Нұр-сұлтан қаласындағы Шарль Де Голль Француз мектебінің жобасын іске асыруды талқылау үшін Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің өкілдерімен кеңес өтті.
Кездесу барысында француз тарапына мемлекеттік заттай грант ретінде жер учаскесін алу шарттары, талаптары мен рәсімдері, инвестициялық келісімшарт жасасу, сондай-ақ ағымдағы заңнама шеңберінде МЖӘ-ге қатысу рәсімдері қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар жер учаскелерін бөлу және инвестициялық келісімшарт жасасу бойынша осы жобаны іске асыру мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы келісті.