АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Инвестициялық мүмкіндіктер мен Қаланы дамыту жоспарлары Қазақстандағы Италия елшісімен талқыланды

stay
stay
stay
[HTML]Astana Invest Басқарма төрағасы Жанболат Кәкішевтің Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметіне жаңадан кіріскен Марко Альберти мырзамен кездесуі екі мемлекеттің екіжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайтуды талқылау үшін өтті. Astana Invest төрағасы Ж.Кәкішев инвестициялық мүмкіндіктер мен қаланың даму жоспарларын, соның ішінде елорданың өнеркәсіптік әлеуетін және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін таныстырды, сондай-ақ компанияның қызметі туралы айтып берді. Өз кезегінде, Елші М.Альберти италиялық бизнес-қоғамдастықты елге тарту, сондай-ақ туризм мен мәдени іс-шараларды дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Елші Италияның технологиялық әлеуетін атап өтіп, қаланың өңдеу өнеркәсібі мен азық-түлік себетіне байланысты мәселелерді шешу, сондай-ақ энергия желілерінің тиімділігін жақсарту және цифрландыру мәселелерін шешу бойынша шетелдік итальяндық компанияларды тарту мүмкіндігі туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар жұмыстар жүргізу және нәтижесінде Нұр-сұлтан қаласының аумағында нақты өндірістер алу жоспарланып отырған Жалпы жоспар мен жалпы бағытты пысықтауға келісті.