Үш өнім ұсынған кәсіпорын
Астана қаласының №1 индустриялық паркінде бой көтерген «Бірыңғай шоғырлану орталығы» кәсіпорынның аумағы үлкен, 2 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде өнім шығаратын цехтар мен қойма тұр. Ал күн сайын өндіріс орнының бір мүйісінен үлкен жүк көліктері дайын өнімді елдің түкпір-түкпіріне тасып жатыр. Тіпті көрші мемлекеттерге де тауар жөнелтілетінге ұқсайды.
«Біздің зауыт осы экономикалық аймақтан жер алып, 2018 жылы жұмысын бастады. Алғашқы өнімді де сол жылы шығара бастадық. Бүгінде екі ауысыммен 120 адам жұмыс істеуде. Жұмыскерлердің орташа жалақысы – 300-350 мың теңге шамасында. Екіншіден, біздің қызметкерлердің дені – 20-35 жастағы қыз-жігіттер. Қазір екі жыл болып қалды» дейді кәсіп-орынның инновациялық даму жөніндегі директоры Әлібек Шәріпов.
Толығырақ «ASTANA AQSHAMY» газетіндегі «Үш өнім ұсынған кәсіпорын» атты мақаласында:
https://www.astana-akshamy.kz/uesh-oenim-usynghan-kaesiporyn/