№1 Индустриялық паркінде орналасқан, өнеркәсіп саласындағы Қазақстанның мақтанышы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытын ұсынамыз
Бұл зауыттың ашылуы - елдің алтын-валюта резервтерін арттыруға және құрамында бағалы металдар бар отандық шикізатты өңдеуге бағытталған стратегиялық маңызды қадам болды.
Неліктен алтын маңызды? Алтын – әлемдік нарықта мойындалған, валюталық тәуекелдерге қарсы тұра алатын бірегей монетарлық актив. Ол этникалық, тілдік, діни, мәдени және ұлттық шекараларды білмейді.
Зауыттың қуаттылығы:
Экологиялық таза технологиялар: зауыт жобасы әлемдегі ең үздік стандарттарға сай жасалған. Елордада орналасқандықтан, аффинаж технологиясын таңдаудағы басты назар – қоршаған ортаға зиянсыз, экологиялық таза процестерді қолдану болды.
#Қазақстандажасалған #Астана #Индустриялықпарк #Индустриальныйпарк